Ертеңгі келер күннің бүгіннен гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш — білім. Ғылым мен техникалық прогрестің дамуы, қоғамның өзгеруі, жаһандану заманының басталуы, білім мазмұнын жаңартуға мол мүмкіндіктер туғызды. Сондықтан білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын табу, оны тəжірибеге енгізу — уақыт күттірмейтін мəселе. Заман талабына сай білім де жаңарып отырады. Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес, білім беру мекемелердің ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді. Осы бағытта 55 жыл бойы қоғам талабына сай білімді де білікті мамандар даярлап келе жатқан Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі – педагогикалық мамандықтар бойынша маман даярлайтын Алматы облысындағы техникалық жəне кəсіптік білім беретін оқу орындарының бірі. Тарихы да, тəжірибесі де бай білім шаңырағы жарты ғасырдан астам уақыт бойы кəсіби сапалы мамандар даярлау ісімен айналысып отыр. Мұғалім дайындау – мемлекеттің алдыңғы қатарда дамуын қамтамасыз ететін негізгі ресурс. Себебі мұғалім мемлекеттің зияткерлік капиталының іргетасын қалайды. Колледж жобалық қуаттылығы 1500 орындық оқу ғимаратынан тұрады, білім алушыларға арналған 400 орындық 4 қабатты жатақхана жəне 46754 дана кітап қоры бар кітапхана мен оқу залы бар. Сонымен қатар 150 орындық колледж асханасы, спорт алаңы мен кіші футбол алаңынан тұратын спорт кешені бар. 63 оқу кабинеті бар, оның ішінде 6 компьютерлік оқу кабинеті жəне 30 кабинет интербелсенді тақтамен жабдықталған, оқу кабинеттерінде интернетке қосылуға мүмкіндік беретін wi-fi нүктелерін кеңінен пайдалануға мүмкіндік жасалған. Ырғақ залы мен мəжіліс залы да заман талаптарына сай жабдықталған. Оқу ғимаратының кіре берісі мен мəжіліс залында замануи LED экрандар орнатылған. Аталмыш құрылғылар тəрбие мен оқытуды ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға мол мүмкіндік туғызып отыр. Ішкі бақылау мен тəртіпті арттыру мақсатында 222 бақылау камералары орнатылған. Инклюзивті білім беру үшін де барлық жағдай жасалынған. Білім ордасында колледж тарихына арналған мұражай жұмыс істейді. 2 020-2021 оқу жылында оқу орнына ұзақ жыл бойы басшылық жасаған колледж басшысына арналған атаулы кабинет ашылып, отбасы мен ұрпақтарының қаржыландыруымен жабдықталды.

Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да білім алған атаулы түлектеріміз бен ұлтжанды азаматтардың қолдауымен жалғасын табады деп үміттенеміз. Колледж 2018-2019 оқу жылының желтоқсан айында 5 мамандық, 6 біліктілік бойынша «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тəуелсіз агенттігінен» институционалдық жəне мамандандырылған халықаралық аккредиттеуден өтті. Аккредиттеу арқылы оқу орнының білім беру сапасы жəне ғылыми қызметі бағаланды. 2018 жылдан бастап колледж оқу-тəрбие үрдісінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асыру бойынша базалық білім беру ұйымы ретінде қызмет атқарады. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 49-3 тармағына сəйкес, адамгершілікрухани білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік рухани білім бағдарламасын іске асыру жөніндегі негізгі білім беру ұйымы ретінде Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырындағы №195 бұйрығымен бекітілді. Білім алушылардың үйлесімді зияткерлік жəне руханиадамгершілік дамуын қамтамасыз ететін тəрбие мен оқыту жүйесінің жұмыс тəжірибесін зерделеу, талдау, жинақтау жəне облыс, республика көлемінде тарату мақсатында жүйелі түрде облыстық, республикалық вебинарлар өткізіліп отырады. 2019-2020 оқу жылынан бастап колледж дайындайтын барлық мамандықтар бойынша бірнеше деңгейлерді игеру қажеттілігін ескеретін кадрларды даярлаудың модульдік технологиясына көшуіне байланысты модульдік-құзіреттілік тəсіл негізінде мазмұны жұмыс берушілермен келісілген 5 мамандық, 9 біліктілік бойынша жұмыс оқу жоспарлары жасалды. Техникалық жəне кəсіптік білім беру мазмұнын жаңартуда негізгі инновациялық тəсілдердің бірі — модульдік-құзіреттілік тəсіл. Модульдікқұзыреттілік тəсіл мазмұн құрылымын жəне білім беру мазмұнының теориялық жəне практикалық компоненттерінің арақатынасын өзгертуге мүмкіндік береді, оқу процесін оңтайландыруға жəне ұтымды етуге ықпал етеді. Модульдік-құзыреттілік оқыту бойынша болашақ мамандардың базалық жəне кəсіби құзыреттері қалыптасады. 2020-2021 оқу жылында техникалық жəне кəсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушылары жаңартылған мазмұн бойынша жалпы білім беретін пəндердің оқу бағдарламаларын игеруге көшуіне орай жаңадан қабылданған 1 курс білім алушылары жаңартылған мазмұнға көшті. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша үлгілік оқу жоспарында қарастырылған 14 пəн бойынша жұмыс оқу бағдарламалары əзірленді. Колледждің міндеті — білім алушыларда өз оқуы үшін табыстылық пен жауапкершілік атмосферасын құру, ал одан əрі – кəсіби өсу мен еңбек саласының өзгермелі жағдайында бейімделуге жауапкершіліктің қалыптасуына ықпал ету. 2021-2022 оқу жылында техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесіне кредиттік оқыту технологиясының енгізілуіне орай колледж жаңадан қабылданған 1 курс студенттерін кестеде көрсетілген мамандықтар мен біліктіліктер бойынша кредиттік оқыту технологиясымен оқытуды бастады. Техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесін қалыптастыру үшін техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының тізілімін «Talap» КЕАҚ əзірлеуіне орай Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі дайындайтын мамандықтардың білім беру бағдарламаларының паспорты білім беру тізілімінің порталында орналастырылды. Колледж «Білім» бейіні бойынша республикалық оқу-əдістемелік бірлестікпен тығыз байланыс жасай отырып, оқу-бағдарламалық құжаттамаларды жасақтау, педагогикалық мамандар даярлау мəселелері, техникалық жəне кəсіптік білім саласындағы жаңалықтарды енгізуге, өзекті мəселелерді талқылауға белсене қатысып отырады. Колледжде қазіргі қоғам талаптарына сай білім беру жүйесінің алдында тұрған міндеттерді басшылыққа ала отырып жүргізіліп жатқан жұмыстар оң нəтижесін беруде. Оқу орнында студенттерге сапалы білім беруді жəне олардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен, өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар жоғары білікті оқытушылар қызмет атқаруда. Жұмыс барысында қол жеткізген жетістіктеріміз үлгілі ұстаздарымыздың, ұжымның ерен еңбектерінің жемісі. «Ұйымдаса білген – ұтады» деген халқымыздың тəмсіл сөзіне ден қойсақ, жұмысы жүйелі жоспарланған, алар межесі анық айқындалған жерде жеңіс те, жеміс те болатынын бағамдаймыз. Сондықтан білім саласындағы атқарылуға тиісті түрлі іс-шараларды жүйелеп, зерделей отыра жүргізсек, əлі де талай биіктерге көтерілетініміз анық. Заман талабына сай болашақ мамандарды даярлау, олардың кəсіби бейімделуін калыптастыру мəселелері — кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Колледж қабырғасында білім алып жүрген бүгінгі студент – ертеңгі жас маман. Жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп тəрбиелеу – сол жас мамандардың қолында. Заманауи талаптарға жауап бере алатын, білімді де білікті маман даярлау – біздің басты мақсатымыз. Бүгінде білім ордасынан тəлім алып, еліміздің түкпір-түкпіріне қанат қаққан əрбір түлегіміз бар жиған білімдерін жас ұрпаққа, өз халқының игілігіне арнағаны ақиқат.