Қабылдау туралы ереже
«БЕКІТЕМІН»Есік гуманитарлық-экономикалықколледжінің директоры: _________________А.А. Жылқыбаев«____»_______________ 2022 ж |
Есік гуманитарлық-экономикалық колледжіне 2022 -2023 оқу жылына қабылдаудың
ЕРЕЖЕСІ
І. Жалпы ережелер
-
Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру (бұдан әрі – ТжКОББ) ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) оқуға қабылдау тәртібін айқындайтын «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Есік гуманитарлық- экономикалық колледжіне (әрі қарай Колледж) оқуға қабылдау тәртібін анықтайды.
-
Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру ұйымдарына жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалар қабылданады.
3. ТжКОББ ұйымдарына оқуға түсу кезінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 26-бабының 8-тармағында айқындалған адамдарды қабылдау квотасы көзделеді.
1) I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін;
2) жеңілдіктері мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін;
3) ауылдың әлеуметтік –экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтар үшін;
5) жетім балалар және ата- аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар,сондай- ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата- анасынан айырылған немесе ата -анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы ҚР азаматтары үшін.
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін;
7) кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін;
8) кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін;
9) бала кезінен мүгедек балаларды, бірінші және екінші топтардағы мүгедектерді тәрбиелеп тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін.
ІІ. Колледжге оқуға қабылдау тәртібі. Құжаттарды қабылдауды және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру.
-
Колледж тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, әңгімелесуді өткізу, білім алушылар құрамына қабылдау үшін білім беру ұйымдарының басшысы бұйрығымен 10 маусымнан кешіктірмей тақ саннан тұратын қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамына Қамқоршылық кеңесінің (ол болмаған жағдайда – жұмыс берушілердің өкілдері), қоғамдық ұйымдардың және білім беру ұйымдарының өкілдері кіреді.
Комиссия мүшелерінің ішінен жауапты хатшы және техникалық хатшылар тағайындалады.
-
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы колледжге (немесе көрсетілетін қызметті беруші) не «электрондық үкімет» веб-порталына (бұдан әрі – портал) жүгінеді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.
-
Талапкерлердің оқуға өтініштерін қабылдау күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 15 тамызы аралығында жүзеге асырылады
-
Қабылдау және/немесе емтихан комиссияларының шешімдері, егерде отырыста олардың құрамының кемінде үштен екі бөлігі қатысса және қатысушылар санының көпшілік даусымен қабылданса, заңды болып табылады. Қабылдау және/немесе емтихан комиссиялары мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Хатшы қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.
-
Қабылдау комиссиясының қорытынды отырысында аудио-немесе бейнежазба жүргізіледі. Аудио-немесе бейнежазба колледж мұрағатында кемінде бір жыл сақталады.
Колледжге өтініштерді қабылдау, арнайы және /немесе шығармашылық емтихандарды өткізу, конкурс және тұлғаларды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, ақылы негізде оқуға қабылдау осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
-
Оқуға түсу үшін құжаттарды кәмелетке толған адамдар жеке өзі, кәмелетке толмағандар – заңды өкілінің қатысуымен ұсынады.
Талапкерлердің қабылдау комиссиясына өткізілетін қағаз түріндегі құжаттары:
1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3×4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
4) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) бекітілген № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;
5) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін). Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.
10. Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;
2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын – босқын куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) қандас – қандас куәлігі.
-
Құжаттарды портал арқылы тапсырған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныстың қарастырылу мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішті түскен күні тіркейді және оны жауапты құрылымдық бөлімшеге орындау үшін жолдайды. Өтініш жұмыс уақытынан кейін, демалыс және мерекелік күндері түскен жағдайда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі.
-
Оқуға түсушілерден түскен өтініштер тіркеу журналдарына тіркеледі.
13.Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда әңгімелесу ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жүргізіледі.
-
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырысы бойынша оқуға түсетін тұлғалар күнтізбелік жылдың 25 маусымынан бастап Білім басқармасының ақпараттық жүйесі арқылы ерікті негізде кәсіптік диагностикадан (сауалнама) өтеді.
-
Колледждегі мамандықтарға түсуші талапкерлер үшін арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарды, әңгімелесуді өткізу мерзімдері негізгі орта білім базасында түсушілер үшін күнтізбелік жылдың 18 тамызына дейін, жалпы орта білім базасында түсушілер үшін күнтізбелік жылдың 21 тамызына дейін, шығармашылық даярлықты талап ететін мамандықтарға түсушілер үшін күнтізбелік жылдың 21 мен 28 шілдесі аралығында белгіленеді.
Әңгімелесудің қорытындысы «Өтті» немесе «Өтпеді» деген нысанда бағаланады.
-
Арнайы және шығармашылық емтихандарды өткізу кезінде:
1) арнайы және шығармашылық емтихандар «2», «3», «4», «5» болып бағаланады;
2) шығармашылық емтихан бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған талапкерлер келесі емтиханға, конкурсқа жіберілмейді.
-
Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның, әңгімелесу нәтижелері емтихан өткізілетін күні жарияланады және ақпараттық стендтерде немесе колледждің интернет-ресурстарында емтихан өткізілетін күні орналастырылады.
-
Білім беру ұйымында бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандар, әңгімелесу нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында колледж басшысының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелері тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері тесттік пәндер бойынша колледж педагогтердың санынан құрылады. Бір тестілеу пәні бойынша педагогтердің саны кемінде екі адамнан құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.
-
Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға шағым береді. Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.
-
Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
-
Арнайы және/немесе шығармашылық емтиханның, сондай-ақ әңгімелесу нәтижелерін колледж мемлекеттік тапсырысы бойынша оқуға арналған конкурсқа (бұдан әрі – Конкурс) қатысу үшін білім басқармасының ақпараттық жүйесіне жібереді.
-
Конкурсқа қатысу үшін негізгі орта білім беру базасында оқуға түсушілер күнтізбелік жылдың 18 тамызына дейін, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру күнтізбелік жылдың 20 тамызына дейін өтініш береді.
-
Конкурсқа өтініш берген кезде оқуға түсушілер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары бекіткен төрт мамандыққа, біліктілікке (қажет болған жағдайда), ТжКОББ-дан кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі комиссиялар бекіткен ТжКОББ-ның төрт ұйымына дейін, оқыту тілін (қазақ, орыс, ағылшын), білім деңгейін таңдайды.
-
Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген тұлғалардың өтініштері бойынша қабылдауды жүзеге асыратын колледжге қабылданған талапкерлерді күнтізбелік жылдың 26 тамызына дейін мамандығын, біліктілігін көрсете отырып, білім басқармасының ақпараттық жүйесіне тіркейді.
-
Конкурсты Білім басқармасы (білім беру, мәдениет және спорт саласындағы уәкілетті органдардың құзыретіндегі ТжКОББ ұйымдарын қоспағанда) талапкерлерді білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің орташа конкурстық балына автоматты түрде бөлу арқылы, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің орташа балы бойынша және қабылдау квотасын ескере отырып, колледжде өткізген арнайы және/немесе шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша алынған бағалардың (балдардың) орташа балы бойынша өткізіледі.
-
Талапкерлерді автоматты түрде бөлуді Білім басқармасы айқындаған ақпараттық жүйесінде (білім беру платформасы) жүзеге асырылады.
-
Мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім беру базасында оқуға түсушілер арасындағы Конкурс күнтізбелік жылдың 23 тамызына дейін, жалпы орта білім беру, ТжКОББ базасында күнтізбелік жылдың 25 тамызы дейін, ақылы негізде 26-28 тамызы аралығында өткізіледі.
-
Бағалардың орташа балы:
негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер үшін (9 – сынып) – үш пән: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі), мамандық бейіні бойынша екі пән бағаларынан:
ОКБ = (МП+БП1+БП2)/БС
Мұнда: МП-міндетті пәннің бағасы;
БП1- бірінші бейіндік пәннің бағасы;
БП2 -екінші бейіндік пәннің бағасы;
БС-бағалар саны
Жалпы орта білімі, ТжКОББ бар түсушілер үшін – төрт пән: міндетті пәндер (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән бағаларынан:
ОКБ = (МП1+МП2+БП1+БП2+АЕ/ШЕ)/БС
Мұнда: МП1-бірінші міндетті пәннің бағасы;
МП2- екінші міндетті пәннің бағасы;
БП1- бірінші бейіндік пәннің бағасы;
БП2 -екінші бейіндік пәннің бағасы; БС-бағалар саны;
ТжКБ негізгі орта білімнен кейінгі мамандықтарының бейіні бойынша пәндерінің тізбесі. Негізгі орта білім беру
№ |
Мамандық атауы |
Міндетті пән |
1 бейіндік пән |
2 бейіндік пән |
1 |
01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту4S 01120102 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі |
Қазақ тілі |
Қазақ әдебиеті |
Биология |
2 |
01140100- Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі-4S 01140101 Бастауыш білім беру мұғалімі |
Қазақ тілі |
Қазақ әдебиеті |
Биология |
3 |
01140600 – Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі4S01140605-Шетел тілі мұғалімі
4S01140601 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» |
Қазақ тіліҚазақ тілі |
Ағылшын тілі
Қазақ әдебиеті |
Дүние жүзі тарихы
Дүние жүзі тарихы |
4 |
01140500 – Дене тәрбиесі және спорт.4S01140501- Дене тәрбиесі мұғалімі |
Қазақ тілі |
Шығармашылық |
Биология |
5 |
01140600 – Педагогика и методика преподавания языка и литературы основного среднего образования4S01140602 – Учитель русского языка и литературы |
Русский язык |
Русская литература |
Всемирная история |
6 |
01140100 – Педагогика и методика начального обучения4S01140101 – Учитель начального образования |
Русский язык |
Русская литература |
Биология |
Жалпы орта білім беру
№ |
Мамандық атауы |
Міндеттіпән |
Міндеттіпән |
1 бейіндік пән |
2бейіндік пән |
7 |
01140100- Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі-4S01140101 Бастауыш білім беру мұғалімі |
Қазақ тілі |
Қазақстан тарихы |
Қазақ әдебиеті |
Биология |
8 |
01150100 – Туризм4S10150104 – Туризм менеджері |
Қазақ тілі |
Қазақстан тарихы |
География |
Ағылшын тіл |
-
Орташа конкурстық бал тең болған кезде білім туралы құжаттың орташа балы, сондай-ақ № 264 қаулыға сәйкес квота санаты ескеріледі.Білім басқармасы негізгі орта білім беру базасында оқуға түсушілер арасында конкурс қорытындыларын ресми интернет – ресурстарда күнтізбелік жылдың 23 тамызында, жалпы орта білім беру базасында күнтізбелік жылдың 25 тамызында жариялайды, сондай-ақ талапкерлерді конкурстың қорытындылары туралы ақпараттық жүйе арқылы хабардар етеді
-
Орта буын, мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау колледж басшысының бұйрығымен қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасы негізінде жүргізіледі: күндізгі оқу нысанына-күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін;
-
Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, білікті жұмысшы кадрларды даярлау – күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін ақпараттық стенділерге немесе колледж интернет – ресурстарына орналастыру арқылы жеткізеді.