2017 жылдың 29 қарашасында колледж базасында әдістемелік кабинеттің және Алматы облыстық әдістемелік кабинет әдіскерлерінің ұйымдастыруымен «БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАҢА ТАЛАПТАР» тақырыбында облыстық іс-тәжірибе алмасу семинары өткізілді.
Семинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО, Ақсу ауданы ПШО тренері, ТжКББ мекемелерінің әдіскерлері қатысты. Семинар жұмысы аясында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында пәндерді оқытудағы өзектілік», «Жаңартылған білім беру аясында білім беру сапасын жетілдірудегі тиімді әдіс-тәсілдер», «Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалармен жұмыс», «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагог мамандарын дайындаудың өзекті мәселелері» тақырыбында практикалық жұмыстар қарастырылып, «Критериалды бағалаудың тиімділігі» шебер – класс көрсетілді. Бітіруші топ білім алушылары үлгілі сабақтар көрсетті. Осы семинарда колледж оқытушыларының озық іс- тәжірибесі таратылды.