06.11-17.11.17ж. «Тұмар» Инновациялық білім беру орталығы ұйымдастыруымен «Кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарында тиімді инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Курс барысында оқытушылар оқытудағы бірнеше жаңа әдіс – тәсілдермен танысып, оны практикада қолдану жақтарын меңгерді.
Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыда ойлау технологиясы негізінде топтық пікірталас, кластерлермен жұмыс, синквейн, ауызша алынған ақпарат туралы сыни ойлау, салыстыру және жинақтау т.б. әдіс-тәсілдер негізінде практикалық тапсырмалар орындады.