Алматы облысы білім басқармасы «Есік гуманитарлық -экономикалық колледжі» ҚКМК миссиясы мен пайымдауы
Миссия мен пайымдау колледж ұжымында кеңінен талқыланды. ЕГЭК өз миссиясын тек білім беру аясында ғана қарастырмайды, сондай – ақ адамгершілік құндылықтарды, әдеп нормаларын сақтау мен дамытуды көздейді. Жаңа бағдарламалық құжаттарға қойылған талаптар бойынша оқу орындарының стратегиялық жоспарлары қазіргі заманғы әдістер мен білім беру саласындағы қызметтің міндеттері мен мақсаттарының түзетілуіне , миссия мазмұнының жаңаруына себепші болды.
Стратегиялық міндеттер:
1) Әр мамандық бойынша бітірушінің моделін дайындау;
2) Модульді білім беру бағдарламаларын енгізу;
3) Білім беру қызметінің аясын кеңейту;
4) Білім беру сапасын көтеруді өз мамандарын даярлау есебінен іске асыру, біліктіліктерін көтеру арқылы жұмысты жандандыру;
5) Ғылыми- зерттеушілік қызметін жандандыру;
6) Колледж ұжымы мүшелеріне әлеуметтік тұрғыда денсаулықты сақтаумен қамтамасыз ететін, әлеуметтік жағымды ахуал туғызатын мәдени білімді ортаны жетілдіру;
7) Материалдық- техникалық жағдайларды жақсарту;
8) Қамқоршылық Кеңес жұмысын жандандыру, қоғамдық іске тарту;