КОЛЛЕДЖ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ АУДАН, ОБЛЫС, РЕСПУБЛИКА КОЛЕМІНДЕ ЖАРЫҚ КӨРГЕН ОЗЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕЛЕРІ
СЕМИНАР-ТРЕНИНГ
2017 жылдың 29 қарашасында колледж базасында әдістемелік кабинеттің және Алматы облыстық әдістемелік кабинет әдіскерлерінің ұйымдастыруымен «БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАҢА ТАЛАПТАР» тақырыбында облыстық іс-тәжірибе алмасу семинары өткізілді.
КУРСТАР
06.11-17.11.17ж. «Тұмар» Инновациялық білім беру орталығы ұйымдастыруымен «Кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарында тиімді инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Курс барысында оқытушылар оқытудағы бірнеше жаңа әдіс – тәсілдермен танысып, оны практикада қолдану жақтарын меңгерді.
Жас келсе – іске
2018 жылдың 7-8 қараша күндері Талдықорған қаласы «Білім» гуманитарлық-техникалық колледжінде Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің жас мамандары арасында «Жас келсе – іске» атты облыстық байқауы өткізілді. Байқауға музыкалық білім беру мамандығының оқытушысы, жас маман Ниязов Ербол Азбергенұлы қатысты. Нәтижесінде Алматы облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды. Марапатыңыз құтты болсын!
Бейне сабақтар
2018 жылы қазан айында Алматы облысының “Өрлеу” БАҰО-ның ұйымдастыруымен өткізілген бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер республикалық байқауының облыстық кезеңінде ағылшын тілі пәнінің оқытушылары Ж.Д.Булекбаева. Ш.С.Тілеубергенова, дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Ф.Р.Төлешова ІІ дәрежелі дипломмен, математика пәнінің оқытушысы Т.Н.Сәрсенбаева ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Ф.Р.Төлешова
https://youtu.be/-I0FG-8V7mg
Математика пәнінің оқытушысы Т.Н.Сарсенбаева
https://youtu.be/BxiLlZbVq_s
Ағылшын тілі пәнінің оқытушылары Ж.Д.Булекбаева және Ш.С.Тілеубергенова
https://youtu.be/ibisZ37HJSs