Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі
  • Колледж туралы
    • Қашықтықтан оқыту
      • ҚБТ Нормативтік құжаттар
      • Ережелер
      • Білім алушыларды аттестаттау
        • Аралық аттестаттау кестесі
        • Қорытынды аттестаттау кестесі
        • Диплом жобасын қорғау кестесі
      • Әдістемелік сүйемелдеу
      • Platonus қызметі нұсқаулық
      • Психолог қызметі
      • Бейнесабақ тізімі
    • Мем. лицензиялар
    • Аккредитация
      • Сертификаттар
    • Колледж миссиясы
    • Жергілікті акт
    • Басқару құрылымы
      • Басшылық
    • Біздің ұжым
      • Оқытушының ар-намыс кодексі
      • Тәртіптік комиссия Ережесі
    • Директор блогы
    • Бос орындар
    • Жаңалықтар
      • Ғылыми-әдістемелік жұмыстар
    • Түлектер
      • Тұлек моделі
      • КДДБ нәтижесі
      • Жұмысқа орналасуы
      • Олармен колледж мақтанады!
    • Мемлекеттік қызметтер
      • Регламенттер
      • Жұмыс кестесі
    • Тәрбие жұмыстары
      • Тәрбие жұмысының жоспары
      • Тәрбие бағыттары
    • Қамқоршылық кеңес
      • 2017-2018 ож атқарылған жұмыстардың есебі
    • КІТАПХАНА
    • Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Талапкерлерге
    • Мамандықтар
    • Емтихан нәтижелері
    • Қабылдау құжаттары
    • Қабылдау ережесі
    • Виртуалды қабылдау комиссиясы
  • Медиа
  • Біздің жетістіктер
  • Байланыс
  • Language: Қаз
    • Қаз Қаз
    • Рус Рус
  • Колледж туралы
    • Қашықтықтан оқыту
      • ҚБТ Нормативтік құжаттар
      • Ережелер
      • Білім алушыларды аттестаттау
        • Аралық аттестаттау кестесі
        • Қорытынды аттестаттау кестесі
        • Диплом жобасын қорғау кестесі
      • Әдістемелік сүйемелдеу
      • Platonus қызметі нұсқаулық
      • Психолог қызметі
      • Бейнесабақ тізімі
    • Мем. лицензиялар
    • Аккредитация
      • Сертификаттар
    • Колледж миссиясы
    • Жергілікті акт
    • Басқару құрылымы
      • Басшылық
    • Біздің ұжым
      • Оқытушының ар-намыс кодексі
      • Тәртіптік комиссия Ережесі
    • Директор блогы
    • Бос орындар
    • Жаңалықтар
      • Ғылыми-әдістемелік жұмыстар
    • Түлектер
      • Тұлек моделі
      • КДДБ нәтижесі
      • Жұмысқа орналасуы
      • Олармен колледж мақтанады!
    • Мемлекеттік қызметтер
      • Регламенттер
      • Жұмыс кестесі
    • Тәрбие жұмыстары
      • Тәрбие жұмысының жоспары
      • Тәрбие бағыттары
    • Қамқоршылық кеңес
      • 2017-2018 ож атқарылған жұмыстардың есебі
    • КІТАПХАНА
    • Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Талапкерлерге
    • Мамандықтар
    • Емтихан нәтижелері
    • Қабылдау құжаттары
    • Қабылдау ережесі
    • Виртуалды қабылдау комиссиясы
  • Медиа
  • Біздің жетістіктер
  • Байланыс
  • Language: Қаз
    • Қаз Қаз
    • Рус Рус
Құрметті сайт қонақтары! Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі сайтына қош келдіңіздер!
Басты бет "Қабылдау ережесі"

20 June 2018 Қабылдау ережесі 1 пікір
2018 жылға Есік гуманитарлық-экономикалық колледжіне оқуға қабылдаудың
ЕРЕЖЕСІ
І. Жалпы ережелер
  1. Есік гуманитарлық-экономикалық колледжіне қабылдау (бұдан әрі колледж) туралы бұл ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы  27 шілдедегі   «Білім туралы»      Заңына (бұдан әрі – Заң) және  Қазақстан    Республикасы  Үкіметінің 2012 жылғы  19 қаңтардағы № 130 қаулысымен (№288  12.05 берілген өзгерістермен) бекітілген техникалық және кәсіби білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын  іске асыратын білім беру ұйымдарына  оқуға   қабылдаудың    үлгі қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар), Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2014 жылғы 31 мамырдағы № 599 қаулысымен (2015.13.03. берілген өзгерістермен) бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» (одан әрі – Стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес белгіленген.
  2. Білім беру ұйымдарына негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы) техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, азаматтығы жоқ ұлты қазақ тұлғалар, сонымен қатар шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқтар Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген тәртіппен қабылданады.
Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейде бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік білім беріледі.
Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік білім алуы Қазақстан Республикасының халықаралық келісім шарттарымен айқындалады.
  1. Оқуға қабылдау барысында Заңның 26-бабының 8-тармағына сәйкесмынандай квота қарастырылған:
1)    I және II топтағы мүгедек азаматтарға, жастайынан мүгедек болғандарға, мүгедек балаларға;
2)    жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша coғысқа қатысқандар мен соғыс мүгедектеріне тең есептелетін азаматтарға;
3)    ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына   әсері   бар   мамандықтарға   ауыл   жастары арасынан шыққан азаматтарға;
4)    Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын  ұлты қазақ азаматтар үшін;
5)   ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар мен жетім балаларға.
4.Техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар азаматтар білім беру ұйымдарына оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін тиісті кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқуға қабылдана алады.
ІІ. Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және қабылдау емтихандарын өткізу
  1. Колледж тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, қабылдау емтихандарын өткізу және білім алушылар  құрамына қабылдау үшін білім беру ұйымдарының басшылары жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайтын қабылдау комиссиясын құрады.Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы,  жауапты хатшы және комиссия мүшелері кіреді.
  2. Колледжге қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша шешіледі.
  3. Оқуға түсушілерді қабылдау нәтижесі туралы ақпаратпен оқудың күндізгі нысаны бойынша 30 тамызға дейін, сырттай оқу нысаны бойынша 30 қыркүйекке дейін ақпараттық стендіге жариялау арқылы қабылдау комиссиясы таныстырады.
  4. Орта буын мамандарын дайындауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілердің өтінішін қабылдау төмендегідей жүзеге асады:
оқудың күндізгі нысаны 2018 жылдың 20 маусымынан 2018 жылдың 20 тамызына дейін;
сырттай оқу нысаны 2018 жылдың 20 маусымынан 2018 жылдың 20 қыркүйегіне дейін.
Оқытудың нысандары бойынша және шарттық (ақылы) негізде талапкердің өтініші тіркеліп, жеке ескеріледі.
  1. Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретімен (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3х4 көлемдегі 4 суретті қоса береді.
Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар  құжатты ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;
2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын – босқынның куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) оралман – оралман куәлігі.
Оқуға түсушілерден түскен өтініштер білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан  бітірушілер) тұлғалар қабылдау емтихандарынан босатылады және осы Ережелердің 16-тармағында  көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.
  1. Қабылдау емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша және:
1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;
2) негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер – негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі.
4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.
Колледжге  қабылдау емтихандары  түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
Техникалық және кәсіптік білімнің  мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесі Қағидалардың қосымшасына сәйкес айқындалады.
  1. 12-тармақта көрсетілген негізгі орта, жалпы орта білімі бар тұлғалар үшін қабылдау емтихандарының нысанын, тестілеуді немесе пәндер бойынша емтихандарды білім беру ұйымы белгілейді.
  2. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін қабылдау емтихандары үш лекпен өткізіледі:
оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары  201 жылдың  1 тамыз бен 28 тамыз аралығында
оқудың сырттай нысанына 2018 жылдың  1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында;
шығармашылық емтихандар 2018 жылдың  21 шілде мен 28 шілде аралығында өткізіледі.
Қабылдау емтихандары тест түрінде жүргізіледі. Талапкерлер қабылдау емтихандарын қазақ немесе орыс тілінде тапсырады.
Қабылдау емтихандарын өткізу кезінде:
1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының)  саны 25 болып белгіленеді; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады;  тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді; тестілеу нәтижелері  өткізілген күні хабарланады;
2) пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: «3» – 8 балл, «4» – 17 балл, «5» – 25 балдарға ауыстырады.
  1.  Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымында  апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді.
Тестілеу немесе пәндер бойынша қабылдау емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға  шағым білдіруіне болады.
Апелляцияға өтініш тестілеу немесе қабылдау емтихандарының нәтижелері  хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде  өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.
Апелляциялық комиссия  шешімі комиссия құрамы тізіміндегі тұлғалардың көпшілік  дауысымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен рәсімделеді.
  1. Тестілеуді немесе пәндер бойынша қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
ІІІ. Білім алушылар құрамына қабылдау
  1. Колледжге азаматтарды өтініштері бойынша қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі.
Конкурс:
ҰБТ сертификаттарының балдары негізінде;
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар балдары негізінде;
пәндер бойынша немесе білім беру ұйымдары жүргізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған балдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.
Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында   көрсетілген үш пәннің осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес  балдар сомасы ескеріледі.
Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға жіберілмейтін талапкерлер:
1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 балдан кем, білім, экономика  мамандықтары бойынша 25 балдан кем;
2)  жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 балдан кем, білім, экономика  мамандықтары бойынша 35 балдан кем жинағандар жіберілмейді.
Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.
Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:
1)  күндізгі оқу нысанына  – 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында;
2) оқудың сырттай нысанына –  15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
  1. Колледжге қабылдау мамандықтары және оқу тілі бойынша қабылдау комиссиясының ашық отырысында бөлек өткізіледі.
ЕГЭК қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы: Н.М.Кенжегулова
Толығырақ
ҚАЗ | РУС
Есік қаласы, Абай көшесі, 320
8 (775) 7-32-00, 7-32-32
egek.col@mail.ru

Copyright 2015-2020. Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі.
Тел.: 8 (775) 7-32-00, 7-32-32. Мекен-жай: Алматы облысы, Есік қаласы, Абай көшесі, 320