Директор блогы
Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі
ДИРЕКТОР БЛОГІ
Жылқыбаев Алмас Әуесханұлы
колледж миссиясы
Колледж тарихы
1966 жылы – Бүгінгі Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1966 жылғы 4 наурыздағы № 151 Қаулысымен құрылған.
Бұл Қаулыға қол қойған – қазақ елінің біртуар перзенттері, көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев және Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы Масімхан Бейсебаев. Осы қаулының негізінде 1966 жылдың 4 мамырында Қазақ ССР Жоғарғы және орта білім беру министрлігінің № 344 бұйрығымен педагогикалық училище өз жұмысын бастап, алғашқы түлектерін оқуға қабылдап, оларға 14 оқытушы дәріс берген.
Училищенің бірінші директоры болып Помагалов Владимир Дмитриевич, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып Букаев Жұмахан Нүсіпұлы тағайындалған.
1968 жылы – Училищені «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша алғашқы 119 түлек бітіріп шыққан.
1970 жылы – «Музыкалық білім беру» мамандығы,
1979 жылы – «Дене тәрбиесі» мамандығы, «Тұрмыстық қол еңбегі» мамандығы,
1993 жылы – «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы,
1998 жылы – «Мемлекеттік тілде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы,
2002 жылы – «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы ашылып, училище өзінің білім беру қызметінің аясын кеңейте түсті.
1997-2000 жылдары – училище облыстағы ұйғыр мектептеріне бастауыш сынып мұғалімдерін даярлады.
1993 жылы – Қазақстан Республикасының Білім министрлігі Алқасының 5 маусымдағы № 6, Алматы облысы Әкімінің 23 маусымдағы № 6-557 шешімдерімен педагогикалық училище педагогикалық колледж болып қайта құрылды.
2009 жылғы 7 мамырдағы Алматы Облысы Әкімінің №86 Қаулысымен “Есік педагогикалық колледжі” мемлекеттік қазыналық кәсіпорны “Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі” болып қайта құрылды. Осыдан кейін колледжде: 01111000 – “Негізгі орта білім беру”, 0101000 – “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту”, 0108000 – “Музыкалық білім беру”, 0510000 – “Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану” (сала бойынша), 0512000 – “Аударма ісі”, 0511000 – “Туризм” (сала бойынша), 0507000 – “Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру”, 1304000 – “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету”, 0518000 – “Есеп және аудит” сияқты мамандық түрлері ашылды.